НАТО-ның Орта Азиядағы қарым-қатынас жөніндегі басқармасы
Байланыс және өзара әрекеттесу бойынша НАТО қызметкері Солтүстік Атлантикалық Одақ ынтымақтастығы аясындағы бағдарламалар анықтайтын мақсаттарға қолдау көрсету бойынша НАТО-мен серіктестік құралдарын максималды түрде пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарымен тікелей қатынаса жұмыс атқарады.
Шағын штаттың көмегімен байланыс және өзара әрекеттесу бойынша НАТО қызметкері НАТО-ның дипломатиялық өкілі қызметін де атқарады және қорғаныс жоспары және талдау, НАТО операцияларының жүргізілуіне қолдау көрсету, әскери білім және дайындық, азаматтық төтенше жоспарлау, ғылыми және экологиялық мәселелер бойынша ынтымақтастық, сонымен қатар, қоғамдық дипломатия бағыттары бойынша Орталық Азиядағы серіктестермен НАТО-ның өзара тәжірибелік әрекеттесуіне мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, байланыс және өзара әрекеттесу бойынша НАТО қызметкері аймақтағы басқа да халықаралық мекемелермен, оның ішінде, НАТО мемлекеттерінің елшіліктері және Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы, Еуропалық Одақ және Халықаралық Қызыл Крест комитеті секілді халықаралық ұйымдармен үнемі байланыста болып, үйлестіру жұмыстарын жүргізеді.
Қазақстан Орталық Азия елдерінен алғашқы болып байланыс және өзара әрекеттесу бойынша НАТО қызметкерін қабылдаған НАТО-ның серіктес мемлекеті болып табылады. 2013 жылдың науырыз айынан бастап қазіргі байланыс және өзара әрекеттесу бойынша НАТО қызметкерінің дипломатиялық өкіл ретінде аккредитивтелген бюросы Өзбекстанда орналасқан.
НАТО-ның Орта Азиядағы қарым-қатынас жөніндегі басқармасы
Мақсаты
- Орта Азияда НАТО-ның ресми өкілі болу.
- Орта Азиядағы серіктес мемлекеттермен түсіністік орнату және қарым-қатынасты нығайту.
- Бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасы аясында практикалық қарым-қатынас жасауға ықпалдасу.
Міндеттері
- Өзара түсіністік пен қарым-қатынасты нығайту үшін НАТО, оған мүше елдер және Орта Азиядағы серіктес елдер арасында байланыс орнату.
- НАТО-ның серіктес әр елінің жеке өзіндік қарым-қатынас жасау бағдарламасында баяндалған мақсаттарды қолдау үшін Орта Азиядағы серіктестер мен НАТО-ға көмек көрсету және кеңес беру.
- НАТО мен серіктестеріне ХҚКК транзит мәселелері бойынша көмек көрсету.
- Орта Азиялық серіктес мемлекеттерде азаматтардың қатысуымен қоғамдық дипломатиялық өзара іс-әрекет ету шараларын өткізу.
- Орта Азиядағы басқа да халықаралық өкілеттіктермен (елшіліктер, халықаралық ұйымдар) келісімділік орнату.
- НАТО және серіктестерінің аймақтағы ресми іс-сапарлары, іс-шаралары, екіжақты және көпжақты жобаларына көмек көрсету.
Жалпы ақпарат
- НАТО-ның Орта Азиядағы қарым-қатынас жөніндегі басқармасы 2013 жылдың шілде айында тіркелді және 2013 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істеп келеді.
- Қызметкерлер құрамы: 4
- НАТО байланыс жөніндегі офицері/ Кеңсе басшысы (НАТО-ның азаматтық халықаралық қызметкерлер құрамында)
- Транзиттік байланыс жөніндегі офицер (азаматтық ұлттық сарапшы, Латвиядан іс-сапармен жіберілген)
- Жергілікті атқарушы көмекші
- Жергілікті әкімшілік көмекші/ офис-менеджер
Мекен-жайы:
Өзбекстан Республикасы
100084, Ташкент қаласы
Әмір Темір даңғылы 107 В
Халықаралық бизнес орталық (11 қабат)
Тел.: +998 (71) 234 45 07
Факс: +998 (71) 234 72 07
Электрондық пошта: NLOCentralAsia@hq.nato.int