НАТО-ның Орталық Азия елдерімен байланыс және өзара әрекеттесу бойынша қызметкерінің Қазақстанға келуі

  • 26 Jan. 2016 -
  • |
  • Last updated 17-Feb-2016 14:37

26 қаңтар күні НАТО-ның Орталық Азия елдерімен байланыс және өзара әрекеттесу бойынша қызметкері Розария Пульизи Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы университетіне келді. Студенттер пен аспиранттарды халықаралық қатынастар мен аймақтық зерттеулер саласында қамтамасыз ететін НАТО ақпараттық орталығы он жыл ішінде орналастырылып келеді.

«НАТО-ның Орталық Азиядағы ынтымақтастығы – бұл нөлдік нәтиже беретін ойын емес, - деп Пульизи ханым студенттерге жеткізді. Қазақстан және оның қауiпсiздiк мәселелерi бойынша аймақтық ұйымдардағы көршеліренің мүшелік етуі туралы айта отырып, осыған қосты: - НАТО-да орталық азиядағы серіктестерінің қарулы күштерін жетілдіруге және оларды сенімді етуге көмектесетін құралдар бар. Заманауи және сенімді қарулы күштер өз мемлекетінің аумақтық тұтастығы пен егемендігін тиімді қорғай алады».

Қаңтардың 19 және 20 жұлдыздары Пульизи ханым Астана қаласында Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігі өкілдерімен кездесті. Олар қазіргі таңдағы НАТО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты ұлғайту жолдарын талқылады.

2006 жылдан бастап НАТО-мен ынтымақтастық барысында «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы бойынша қазақстан қарулы күштері «Дала қыраны» атты әскери жаттығуларын өткізіп келеді.