Орталық Азия елдерінің сарапшылары энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін талқылайды

  • 14 Dec. 2016 - 16 January 2017
  • |
  • Last updated 23-Jan-2017 11:48

«Тәуелсіздіктің 25 жылы: Орталық Азия мен басқа аймақтарда энергетикалық қауіпсіздік мәселелері» атты конференция 2016 жылдың 14-15 қаңтары аралығында Ашхабад қаласында өтті. Оның жұмысына Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттерінің сарапшылары қатысты. Түрікменстанда өткен аталмыш іс-шара аймақтық ынтымақтастықтың, атап айтқанда энергетика секторындағы қауіпсіздік ұрандары мен стратегиясын талдау мүмкіндігін тудырды.

Конференцияны Орталық Азия елдерімен байланыс және өзара әрекеттесу бойынша НАТО қызметкерінің бюросы, Ашхабадтағы Ұлыбритания елшілігі және Бірлескен Корольдік қауіпсіздік және қорғаныс мәселелерін зерттеу институты Түрікменстанның Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған.

Сөз сөйлегендер аймақтық ынтымақтастық энергетикалық инфрақұрылым қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін қажетті болуына қарамастан, мұнай және газ құбырлары бейбітшілік пен тұрақтылыққа қолдау көрсету құралдары ретінде салынуы мүмкін екенін атап өтті. Конференцияда Энергетикалық қауіпсіздік бойынша НАТО озық тәжірибесі орталығы директорының орынбасары п-к Жан-Марк Буйе мен стратегиялық талдау және зерттеулер бөлімінің басшысы  Артурас Петкус ұсынған Орталықтың сараптамалық білімдерін атап өтіп, Орталық Азия елдерімен байланыс және өзара әрекеттесу  бойынша НАТО қызметкері  Розария Пульизи қауіпсіздік және қорғаныс саласында, сондай-ақ энергетика секторында серіктестердің әлеуетін нығайту үшін НАТО көрсететін қолдауына ерекше назар аударды.