НАТО серіктес мемлекеттерінен оқытылатындар азаматтық төтенше жоспарлау жөніндегі дайындықтан өтеді
Алматыда (Қазақстан) 30 мамыр мен 3 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің Азаматтық қорғау республикалық оқыту-әдістемелік орталығында азаматтық төтенше жоспарлау жөніндегі НАТО шаралары қамқорлығымен, радиологиялық, химиялық, биологиялық және ядролық (РХБЯ) оқиғаларға орай әрекет жасайтын жедел қызмет көрсету қызметкерлері үшін оқыту курсы жүргізілді. Курс үш жыл қатарынан жүргізілді; ода НАТО-ның жетісеріктес мемлекеттерінен 15 оқушы қатысты.
«Теория мен практиканы қосқанда, курстың басты мақсаты, жедел қызмет көрсету қызметкерлерінде біртұтас білім базасы мен РХБЯ оқиғаларына орай әрекет жасау кезінде ең аз дайындық деңгейі болуы. Осы мақсатта оқыту курсы төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі жоспарларды жетілдіруде, соның ішінде жедел қызмет көрсету қызметкерлері арасындағы ынтымақтастықты арттыруда елдерге көмектесетіндей жасалды және қолданыстағы ұлттық оқыту шараларын толықтыра отырыпдайындалды, - деп, ашылу салтанатында Орталық Азия елдерімен байланыс және өзара әрекеттесу жөніндегі НАТО қызметкері РозарияПульизи айтты.Сондай-ақ ашылу салтанатына генерал ЖасултанДжумашев пен Азаматтық қорғау жөніндегі НАТО тобының төрағасы РагнарБёэ қатысты.
Екі оқыту сценарийі шегінде, қатысушылар іздеу операцияларын қалай жүргізу керек екенін, сондай-ақ улы өнеркәсіптік химиялық заттарды сақтауға арналған резервуар, автокөлік құралымен апат болғанда және адамдар жарақат алған жағдайда қалай әрекет ету керек екенін білді.