Қазақстан, Алматы қаласында НАТО-ның үлгілік ойыны

  • 27 Nov. 2014 -
  • |
  • Last updated 15-Dec-2014 12:09

Қазақстан, Алматы қаласында 27 қараша күні «НАТО үлгісі» атты жыл сайынғы төртінші студенттік форум болып өтті. Биылғы жылғы іс-шара «Жаңа геосаяси мәнмәтінінде НАТО қызметінің басым бағыттары» тақырыбына арналған болатын.

Студенттерге қазіргі заманғы дағдарыстың сахнасы көрсетілді, оның сипаттық ерекшеліктері форумның өтуі барысында айқындалды. Олар қауіпсіздіктің ауқымды сәулетін, халықаралық ынтымақтастық және шиеленістерді шешу жолдары мәселелерін, сондай-ақ қазіргі кездегі халықаралық күн тәртібін талқылады. НАТО-ның Орталық Азия мемлекеттерімен зорлық экстремизмімен күрес бойынша ынтымақтастық және орта-азиялық серіктестіктерге Ресей-НАТО қатынастарында дағдарыстың әсер етуі мәселелеріне жіті назар аударылды.

НАТО-ның Орталық Азия елдерімен байланыс және өзара іс-қимыл жөніндегі офицері Александр Винников «Саммиттен және ИСАФ операциясы аяқталған соң НАТО-ның Орталық Азия және Ауғанстан серіктестерімен ынтымақтастығы» тақырыбында бейне конференция түріндегі форумда сөз сөйледі. Одан соң студенттер Ауғанстан мен Украинадағы жағдайды қоса алғанда, бірқатар түйінді мәселелер, сондай-ақ НАТО-ның дайындықты қамтамасыз ету әрекеті Жоспарының мазмұны бойынша сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды. Одан басқа, олар Ресейге және орта азия мемлекеттеріне қарсы бағытталған ықпалшараларының әсер етуін, Ауғанстанда ИСАФ міндеті аяқталғаннан кейінгі қауіп-қатері және қарсы келуі  әрі 2014 жылдан соң Орталық Азия елдерімен НАТО-ның ынтымақтастығының келешегін талқылады.

Осы «НАТО үлгісі» студенттерге НАТО рөлінің, құрылымы мен қызметін, сондай-ақ Солтүстік альянс алдында тұрған кейбір өзекті саяси, экономикалық және қауіпсіздік проблемаларын зерделеудің ерекше мүмкіндігін ұсынды. Қатысушылар НАТО және оның серіктестерінің қауіпсіздік саясатын қалыптастыратын мүмкіндіктері мен шектеулері туралы нақты мәлімет алды. Делегаттар сессия кезінде НАТО-ның Солтүстік атлантикалық Кеңесін, Әскери комитет пен Еуроатлантикалық серіктестікті үлгілейтін НАТО серіктестерін, Орталық Азия және Ауғанстан мемлекеттері серіктестіктерін ұсынды.  

Форумға Астанадағы Еуразиялық Ұлттық Университет пен Алматыдағы Құрғақтағы Әскери институтты қосқанда, Қазақстанның алдыңғы қатарлы университеттері мен әскери білім беру мекемелерінен 70-тен астам студент қатысты. Іс-шараға сондай-ақ халықаралық қатынастар  және әлем тілдері Университетінен, Қазақстан-Неміс университетінен, КИМЭП Университеті мен Әл-Фәрәби атындағы Қазақ ұлттық университетінен студенттер қатысты. Қатысушылар арасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебінен осы білім беру мекемесінде білімін шыңдап жатқан Ауғанстан елінен бірнеше студент қатысты.

Форумды НАТО-ның қоғамдық дипломатия Бөлімінің, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен байланыс және өзара іс-қимыл бойынша НАТО Офицері Бюросының қолдауымен әрі  Әл-Фәрәби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар Факультетінің көмегімен НАТО бойынша Ресурстық және ақпараттық орталық пен Қазақстанның Атлантикалық шарт бойынша Жастар қауымдастығы  ұйымдастырды.