НАТО және Қазақстан 20-жыл әріптестікті өткізді

  • 06 Oct. 2014 - 10 October 2014
  • |
  • Last updated 18-Nov-2014 11:16

НАТО-ның «Бейбітшілік үшін әріптестік» (БҮӘ) бағдарламасы аясында Қазақстанмен болған әріптестіктің 20-жылдығына орай ұйымдастырылған қоғамдық дипломатия тақырыбындағы шаралар топтамасына қатысу үшін 6 қазан мен 10 қазан аралығында Қазақстанға НАТО-ның делегациясы келді.

Сонымен қатар, НАТО-ның Орталық Азия мемлекеттерімен байланыс және өзара әрекеттесу бойынша Қызметкері Александр Винниковтың басшылығымен делегация инвестиция мен даму, транспорт және коммуникация, білім және ғылым, ішкі істер, төтенше жағдайлар, қорғаныс, сыртқы істер Министрліктерінің жоғары шенді өкілдерімен кездесті. Олар Қазақстан мен НАТО арасындағы әріптестікті жүзеге асырудың жекеше жоспары (ӘЖЖЖ) шеңберінде екі жақты ынтымақтастықтың бүгіні мен жоспарланған болашағын сараптап, аймақтық қауіпсіздік мәселелерін, оның ішінде Ауғанстан, Украина және Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайды талқылады.  

Сонымен қатар, НАТО өкілдері Астанадағы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) орталығының және Еуропалық Одақ делегациясының өкілдерімен кездесті. Бұдан кейін олар НАТО-ның Қазақстандағы байланыс елшілігі болып саналатын Латвия елшілігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада НАТО елдерінің елшіліктері үшін брифинг өткізді.

Астанадағы Назарбаев Университеті мен Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінде жиналғандарға НАТО-ның Орталық Азиядағы әріптестерімен өзара әрекеттері жайлы, НАТО мен Ауғанстан арасындағы әріптестік саясатына ерекше көңіл бөле отырып, жақында Уэльста өткен жоғары деңгейлі кездесудің нәтижелері туралы лекциялар оқыды.

Алматыда НАТО делегациясы Орталық Азияда БҮӘ бағдарламасы аясында Қазақстанмен болған әріптестіктің 20-жылдығына орай НАТО-ның қолдауымен ұйымдастырылған шаралардың екінші топтамасын ашты. Орталық Азиялық төрт ел мамандары және басқа да халықаралық сарапшылар, дипломаттар мен қарулы күштердің лауазымды қызметкерлері БҮӘ бағдарламасы аясында НАТО мен Орталық Азия арасында екі онжылдық ішінде жинақталған тәжірибені талқылап, оны нығайтудың жолдары туралы сөз қозғады. Мұнымен қоса, олар НАТО-ның Уэльста өткен жоғары деңгейлі кездесуінде қабылданған шешімдерге сүйене отырып, Солтүстік Атланттық одақтың кейінгі бағытын талдады. Шара НАТО туралы ресурсты және ақпараттық орталықпен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінде НАТО-ның қоғамдық дипломатия Басқармасы мен Орталық Азия мемлекеттерімен байланыс және өзара әрекеттесу бойынша Бюро қызметкерінің қолдауымен өткізілді.

НАТО өкілдері НАТО-ның Қазақстан мен Орталық Азия елдерімен өзара әрекеттесуі туралы Алматыдағы ҚМЭБИ Университетінде лекция оқыды.

НАТО делегациясының ресми сапары оның Алматыдағы БҮӘ бағдарламасының Қазақстандағы Оқу орталығының (КАЗЦЕНТ) басшылығымен кездесуімен аяқталды.

Links:

 

English:

http://www.enu.kz/en/info/news/31564/
http://kazinform.kz/eng/article/2704724
http://www.kimep.kz/en/blog/2014/10/15/natos-engagement-with-kazakhstan-and-central-asia-post-summit-post-isaf/

Russian:

http://www.enu.kz/ru/info/novosti-enu/31535/
http://kazinform.kz/rus/article/2704717
http://strategy2050.kz/ru/news/13820/
http://www.almaty.tv/newsline/news/ofitser-nato-kazakhstan-samyy-aktivnyy-partner-nat.html
http://www.zakon.kz/4659000-kazakhstan-javljaetsja-aktivnym.html

 

Kazakh:

http://www.kimep.kz/kk/blog/2014/10/15/natos-engagement-with-kazakhstan-and-central-asia-post-summit-post-isaf/
http://strategy2050.kz/news/13820/